Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен тұрғын үй көмегі қарастырылған. Биылғы жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегіне 33 млн. теңге қаржы 450 отбасыға төлеу жоспарланған. Жыл басынан бері 208 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды.
Көмек түрін алудың өзіндік шарттары бар. Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден (пәтер) артық баспана болмауы қажет. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш тиісті құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «e-gov» порталы арқылы қабылданады.
Талап етілетін құжаттар:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
4) банктік шот;
5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы түбіртектер).
6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.
Қосымша ақпаратты төмендегі мекен жайдан, көрсетілген телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а, Бәйтереков көшесі, 89 үй, (29 каб)
Байланыс телефон нөмірлері: 8 (7252) 27-71-29 , +77058687255
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі