Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Таскен тұрғын алабы тұрғындарының сұранысына орай “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, аталған елді мекенде ағымдағы жылы спорт алаңшасы, балалар ойын алаңшасы және гүлзар құрылысын жүргізу жоспарға қойылып отыр. Елді мекенде мердігер мекемелер тарапынан салынған ашық спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
Спорт алаңының салтанатты ашылу рәсіміне Қаратау ауданының әкімі, аудан депутаттары және елді мекен ақсақалдары қатысты. Спорт алаңы аумағында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін орындықтар, қоқыс жәшіктері де қойылған.
Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуына мол мүмкіндік береді. Орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.
Еске сала кетейік, Таскен елді мекенінде бүгінге дейін де тұрғындар өтінішіне сәйкес 2022 жылы ашық спорт алаңшасы «Tunay Stroy Project» ЖШС-і тарапынан салынған болатын.
Жалпы елді мекендерді абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі