Бүгінде Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген.
Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарындағы кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алған болатын. Нәтижесінде қаланың кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % – дан 65 % – ға артатын болады.
Мирас-Шапағат-2 нысанында бекітілген жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осы уақытқа дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы бұл жұмыстарға 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған, нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.
Жоспар бойынша 2024 жылы
1.КОС-1
2.Рысқұловтан КОС-1ге
3.Забадам КОС-1ге
4. Елтай
5. Жыланбұзған
6. Айнатас
7.Бадам 1-2
8. Шаңырақ
9. Айқап
10. Тұран коллектор
11. Төлеметов коллектор
12. Нұртас шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі