Бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Жедел құтқару жасағы өкілдерімен бірлесе қаладағы Самал-3 шағынауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда құтқарушылар суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек барысын көрсетті.

Сондай-ақ тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары қосымша ескертіліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы сауықтыру лагерлерінде де жалғасуда. Төтеншеліктер балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.
Айта кетейік Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Қазіргі таңда шомылуға рұқсат етілген су айдындарының түбін тазалау бойынша дайындық жұмыстар жүргізілуде.

Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, тыйым салынған 13 орын белгіленген және осы орындарға шомылуға тыйым салынғаны туралы тақтайшалар қойылған.

Департамент Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер орналастырды. WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы мектептер мен балабақшалардың «Ата-аналар» топтарына жаднамалар мен бейнероликтер арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан өзге ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша ТЖД тарапынан 36 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.

Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен қауіпті учаскілерде кезекшілік ұйымдастырылуда.
Сондай-ақ, аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша қазіргі таңда бассейндердің иелерімен 3 меморандум бекітілді.

Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті мен аудан әкімдіктері тарапынан қала тұрғындары арасында су айдындарында қауіпсіздікті сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары үнемі жүргізуде. Қауіпті учаскелерде шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту тақтайшалары орнатылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.