Биыл Шымкент қаласының Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады. Олар Мәделі қожа – Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелерінде орналасады. Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі.
Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталатын болады. Сондай-ақ, субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді. Барлық ауыз су бұрқақтары орталықтандырылған су құбырына тікелей қосылады.
Айта кету керек бірнеше күн бұрын, Қала әкімі М.Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты.
Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды. Еске сала кетейік, биылғы жылы Қаратау ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында балалар ойын алаңшасынан бөлек заманауи үлгідегі 7 ашық спорт алаңдарын салу көзделуде.
Сонымен қатар,Шымкент қалалық Тұран ауданы аумағындағы орталық көшелер бойындағы 300-ге тарта қоқыс жәшіктері жаңартылған болатын. Қазіргі уақытта Қонаев, Республика даңғылы, Мангельдин көшесі, Байтұрсынов көшесі мен Асқаров, Момышұлы көшесіндегі қоқыс жәшіктері жаңартылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі