Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру. Мемлекет басшысының өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын құру тапсырмасы қаламызда жүйелі орындалып жатыр. Бүгін Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
– Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамтуымыз қажет. Жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасыны құрады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту көзделіп, бүгінде 20 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай-ақ, қалада іске асырылып отырған Ұлттық жобалар шеңберінде және жеке кәсіпкерлердің жеке бастамасымен «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары» бойынша биыл 23 420 жұмыс орыны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылады. Қазірдің өзінде 10 043 жұмыс орны ашылған.
Ал биыл жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жасалған шолу қорытындысына сүйенер болсақ – өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа ұқсас кәсіп жұмысшылары үшін 28 жұмыс орны, қызмет көрсету мен сату саласында – 277, техник мамандар үшін – 221 жалпы – 1500-ден аса уақытша және тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.Жұмыс берушілер тарапынан жарияланған бос жұмыс орындарының қатарында – инженер, электромонтер, механик пен автослесарь іздеушілер де көп. Еңбек нарығында арнайы біліктілігі жоқ мамандар да үлкен сұранысқа ие. Қазірде 1797 жұмыс орны қосалқы жұмысшылар мен санитар мамандарын жұмыспен қамтуға дайын екен.
Айта кетейік, бос жұмыс орнын іздеген қала тұрғындары өз тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады.
1.Абай ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Ұ.Арғынбеков к-сі, №243/3.
2.Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы, №201.
3.Еңбекші ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы, №3/2.
4.Қаратау ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков к-сі, №89.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.