Шымкентте соңғы 4 жыл ішінде 12 жекеменшік емхана ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайған. Бұл туралы Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
–Денсаулық сақтау саласындағы басты мақсатымыз – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен қолжетімділікті арттыру. Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 19 млрд. теңге бағытталып, қамту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Өткен жылы қалада жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылып, қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік беріп ғана қоймай, сонымен қатар алдын ала емдеуге мүмкіндік беруде. Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа емхана ашылды Осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, жыл басынан бері жалпы өлім көрсеткіші 8 пайызға төмендесе, нәресте өлімі 20,6 пайызға төмендеді, ана өлімі тіркелмеген, – деді Мұрат Әйтенов.
Сондай-ақ қала әкімі, 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана салынып, сонымен қатар жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысы жоспарланып, онымен қоса 6 медициналық орталық ашу жоспарланғанын атап өткен болатын Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте .
«Шымкент келбеті»