2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік Кодекс қолданысқа енеді. Жаңа құжат қолданысқа енген күннен бастап, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы күшін жояды. Сондай-ақ, жаңа құжаттағы (Әлеуметтік кодексте) жаңалық – «Наградталған аналар» мәртебесі жайлы нені білуіміз керек?

Жаңа құжаттағы жаңалықтар жайлы оқырмандарды құлақтандыру мақсатында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар ІЛЕСПАЕВ мырзаның мақаласын ұсынып отырмыз.

ҚР Әлеуметтік Кодексінің нормаларына және Мемлекет басшысының жәрдемақы көлемін ұлғайту туралы тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың 1 шілдесінен мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін арттыру қарастырылған.
2023 жылдың 1 шілдесінде Әлеуметтік Кодекс қолданысқа енгізіледі. Сол күннен бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жояды.

Кодекстің Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар бөлігінде мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бірқатар өзгерістер көзделген: Біріншісі, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру бөлігінде; екіншісі, Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығы бөлігінде. Өзгерістерді тарқатар болсақ.

Біріншіден, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыруға қатысты бөлігінде Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін анықтауда қолданылатын коэффиценттік көрсеткіш өзгертілген. Қолданыстағы заңның талаптарына сәйкес, І топ мүгедектігі бар азаматтарға тағайындалатын жәрдемақы мөлшерін анықтауға арналған коэффицент 1,92 болған. Енді 1-шілдеден жаңа Кодекске сәйкес, жәрдемақының мөлшерін анықтау 2,20 коэффицентке өзгерді. Осы өзгеріске байланысты мөлшері арттырылатын болады.

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы «2023-2025 жылдарға арналған Республикалык бюджет туралы» Заңына сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) 40 567 теңгені құрайды, бұл орайда жәрдемақы мөлшері төмендегі кесте бойынша анықталады (есебі: 1,92 Х 40567=77889).

Әлеуметтік кодекс талаптарына сәйкес, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын азаматқа берілетін жәрдемақылардың мөлшерін анықтауға арналған 1,40 коэффиценті өзгертіліп, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,61 коэффиценті есебінен артады. Яғни, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жәрдемақы 65 313 теңгені құрайтын болады.

Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда бір айлық жәрдемақы әрбір балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,54 коэффицентіне, отбасының қалған еңбекке жарамсыз мүшелеріне 0,62 коэффицентіне артады. Бірақ, отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне ең төмен күнкөріс деңгейінің 2,92 коэффицентінен аспайтын мөлшерде арттырылады.

Әлеуметтік кодексте «Наградталған аналар» мәртебесі енгізілді. «Наградталған аналар» мәртебесі «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлері мен бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар аналарға беріледі. Бүгінде 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алып келген болса, енді «Алтын алқа» алқа, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен және «Батыр Ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, оларды тәрбиелеген аналар үшін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Жәрдемақы мөлшері 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 25 530 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерге де бірқатар өзгерістер енгізілді. Әлеуметтік кодекстің 244 бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді. Бұған дейін Республикалық бюджет туралы заңда жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 15,7 еселенген мөлшеріндегі (3450х15,7=54165т.) төлем тағайындалса, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлем айлық есептік көрсеткіштің 35 еселеген мөлшерінде, яғни 3450х35=120750 теңге мөлшерінде төленетін болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.