Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда.
Қалада бүгінде 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды.
Шымкентте жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Мәселен, 2022 жылы қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнатылып, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылған және 4000 жол белгісі қойылған болатын.
Ал биылғы жылы да 12 орынға бағдаршам бекіту жоспарланған.
Сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады. 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою және 3500 жол белгілерін орнату жоспарда бар. Жалпы қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар орындарда жол қауіпсіздігін қамту мақсатында 400 метр жасанды жол кедергілері орнатылды.
Көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Назарбеков — Бәйтереков көшелері қиылысында, Кеңжарық — Патеев көшелерінде, Бәйдібек би даңғылы, Тұран шағын ауданына бұрылыста оң жақ өткелдер құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Сондай-ақ, Алаш, Бекжан базарлары маңында, Темірлан тас жолы мен А-2 айналма жолында 3 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі