Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер маңын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аула ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кестеге сәйкес абаттандыру жұмысы:
• Желтоқсан көшесі №4,6
• Бейбітшілік көшесі №20,22
• Мангелдин көшесі №40
• Отырар ш/а, 15/1
• Байтұрсынов көшесі №59А
• Жандосов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үй ауласында жүзеге асырылып, аула ішілік көшелер ретке келтірілді және асфальтталды.
Сонымен қатар алдағы уақытта дәл осындай абаттандыру жұмыстары Тұран ауданынына қарасты мына мекен-жайларда, мәселен:
• Отырар ш/а №10
• Отырар ш/а №59
• А.Байтұрсынов көшесі №79
• Ғ.Иляев көшесі №13
• 4 ш/а №21
• Ю.Гагарин көшесі №68
• Ю.Гагарин көшесі №88
• 1 Мамыр көшесі №21
• Ш.Қалдаяков көшесі №8
• Ш.Қалдаяков көшесі №20
• Б.Майлин көшесі №3,5
• Ю.Гагарин көшесі №145
• Ю.Гагарин көшесі №143 көп қабатты тұрғын үйлер жанында асфальт жабынын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Еске сала кетейік, белсенді азамат Ералы Күнходжаев бұл бастамасын жуырда қала әкімінің аудан тұрғындарымен есептік кездесуінде көтерген болатын. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран ауданы тұрғынының гүлзар салу бойынша ұсынысын пысықтау үшін Самал-1 шағынауданына арнайы барған болатын.
Мұрат Дүйсенбекұлы қажеттілікті ескере келе Жандосов көшесінің қиылысындағы бос алаңшада гүлзар құрылысын жүргізуге қолдау көрсетті.
Ауданның жанашыры жыл соңына дейін демалыс орнының жобалау-сметалық құжаттамасын ұсынатынын жеткізген болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі