Қазақ қыз намысын, ел намысын бәрінен жоғар қойған. Кеше ғана орын алған оқиға осы ойымызға айғақ. Қыз үшін қырғын болды. Әлеуметтік желіге жіберілген суреттер үшін қазақ азаматтары намысқа шыдай алмай өзге ұлт өкілдерін көкала қойдай, қан-жоса етіп, айызы қанғанша сабады. Заң аясында бұл әрекет бұзақылық пен қылмысқа жатса да намысқа берілген оларды кінәлау өте қиын. Арамызда қазақтың намысы үшін, түрмеде жатқанды жөн санайтын өжет, намысшыл қазақ көп.
Намысқой қазақты жазалау, ату, қудалау ешқашан тоқтаған емес.
» 37″ жылы жазықсыз атылған Алаштың арыстай
азаматтары осы қазақтың тілі, діні, жері, тәуелсіздігі үшін жанын қиды емес пе? Қазақтың намысы үшін қасқайып қарсы тұрғандарды «халық жауы» деп, айыптау, ату зұлымдықтың нағыз өзі. Алланың зұлымдарға қатаң жазасы бар. Ұмытпайық! Сол мемлекеттік жүйенің тапсырмасын құл болып орындаған айыптаушы прокурорлар, соттар, тергеушілер Алланың қаһарына ұшырап, тозақтың азабынан ешқашан құтылмасын деп тілеймін.
Қазақтың намысын жыртып, желтоқсанда алаңға шыққан жастарды «маскүнем» » нашақор» «бұзақы» деп айыптап, түрмеге жауып, соттап, қудалаған пенделер қалай жер басып жүр екен?
Айыптыны ақтау деген тозақтың қыл көпірінен өткенмен бірдей. Қуғын- сүргін көріп, тағдыры тәлкекке түскен жастар өмірін қиған намысшыл қазаққа атақ- даңқ түкке де керек емес.
Желтоқсаншылардың арқасында басын қауіп-қатерге тікпей-ақ биліктің төрінде жүрген жағымпаздар мен жарамсақтар, мансапқұмарлар, дүниеқоңыздар қаншама! Ерлікті намысы бар қазақ жасады, оның жемісін мансап, байлық қуған алаяқтар көріп жатқандай!
Намысшыл қазақтың көргені зорлық пен қорлық болып келеді. Оған тарих куә.
Балалық шағым немістер тұратын ауылда өтті. Немістер өте сөзіне берік, мәдениетті, ұйымшыл, ұлтжанды халық. Олар өзге ұлттың өздерін билеп — төстеуіне ешқашан көндікпейтін, төзгісіз еді. Рессей патшасы болған Петр -1-дің кезінде жер аударылып келсе де немістер әдет — ғұрпын, салт- дәстүрін қатаң ұстайтын. Тіпті сенің туған жерің Қазақстанда тұрып жатса да.
Ауылдың клубы, би алаңы, спорт алаңшалары солардыңкі болатын. Ол жаққа қазақ жастары аяқ баспайтын. Барса болды, ұрып-соғып, сабап жіберетін. Оларда қазақтар сияқты төбелестің «жекпе жекке шық «дейтін түрі жоқ. Бір балаға он бала жабыла кетеді. Сілейтіп сабап тастайды. Қазақ: » Қол сынса — жең ішінде, бас сынса — бөрік ішінде» деп жүре беретін. Ол кезде арыз айту, милицияға
шағымдану атымен жоқ болатын.
Осы жағдайды өзгерткен ауылдың намысшыл жігіттері болды. Балғабек, Пернебай, Ботбай- Шымыр, Орынбай..т.б. Бәрі есіме түспей жатқаны.
Олар әскерден келіп, қазақ балаларының намысын оятты.
Ауылда күнде би алаңында төбелес болатыны есімде. Көз алдыңа елестетіңіз: темір келтек, касета, үшкір ағаштар жан жағыңнан зуылдап ұшып жатады. Ажал құшып кетемін-ау деген ой ешбірімізде болмаған еді. Бар ойымыз — қазақтың намысын немістерге таптатпау, өз ауылыңда еңсеңді көтеріп жүру болатын. Осы намыстың арқасында ол мақсатымызға да жетіп едік. Неміс ұлтына намысшыл, батыр қазақ екенімізді танытып едік. Олар елден өз отандарына көшіп кетсе де бізді әлі күнге дейін ұмытқан жоқ.
Сол намысшыл жігіттердің көбі бақилық болып кетті. Жатқан жері жаннатта болсын деймін.
Бір өкініштісі сол азаматтардың өмірде жолы болмады.
— Біз сияқты намысшыл, шындықты бетке айтатын, қазағым дейтін жігіттер жоғарыда отырған басшысымақтарға қажет емес сияқты — деп айтып еді сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі де, қазақтың батыр да, қайсар жігіті марқұм замандасым, досым Пернебай Әлімханов. Соның айтқаны араға отыз жыл салып болса да өзгермей тұрғанына таңым бар.
Намысшыл қазақтың арайлы таңы бір күні атар деп ойлаймын!..
Балтабек Түйетаев