Бұл нешінші білмеймін, тағы бір бағдарлама тікелей эфирге шақырып, тура кіре берерде орамалымды шеш дейді.
Шеше алмаймын. Орамалмен түспейсіз деді. Бопты, түспеймін, шешпеймін…
Біреу ұят сурет салып, ұят нәрсе жазса, елдің бәрі бөлісіп, рейтингі айды аспанға келтіреді екен. Айды аспанға келтірмесем де, жазбамды оқығандар сақтап, бөлісіп, жақсы ой салсақ…
Біреуді сөгуге, біреуге тиісуден аулақпын. Тіпті түсірілімге шақырып алып, орамалмен кіргізбейтін теле каналдарға өкпем жоқ. Менің түгім кетпеді, өздерінің сценарийі бұзылды.
Қазақта бәрінен биік қоятын ар-намыс деген бар. Он жылдан аса уақыт болыпты, бөтен еркектің сөзіне, көзіне түспейін деп, үйдегілер қарсы болса да, орамал тағып, етегімді жаптым. Қазір ойласам, ардың нәтижесі.
Күйеуі жоқ әйелге көрінген тиіседі дегенге келіспеймін. Менің жан жағымда 70-80% ер азаматтар. Аллаға шүкір, сол кісілерден тек сый құрмет, жылы сөздері мен демеулерін көріп келемін.
Аға-інілерім, әйелдеріне, «Орамал тақшы, Камшат барлық жерде орамалмен жүреді. Әдемі ғой, әдемі…» деп,мені үлгі тұтады.
Орамалмен жасымыз үлкен көрінер, бірақ әп-әдеміміз ғой. Шешсем, ешкім қой демейді. Керісінше ең жақындарымның 80% шешіп, шашымды өріп жүргенімді қолдайды.
Біздің жігіттер намысты.
10 жыл бұрын біреу өтінген соң, бір офиске бардым, бастығы өзге ұлт азаматы, ол орысша, мен қазақша түсінісе алмай, маған «пошла вон!» демесі бар ма? Мен жыларман болып, «кімсің сен?!» деп, дірілдеп айқайладым, бар білетін орысшасымен жіберді дейсіз. Сол сәтте есіктен кірген қазақ жігіті, «Сен кімсің, біздің қазақ қызына айқайлайтын!» деп, бас салды, оны көрген өзге жігіттер қосылып мені қорғағанда, жігіттердің даусынан, түрінен қорқып кетіп, кешірім сұрады. Кейін сұрастырсам, өте бай, қазақ қыздарына ақшамен ойына келгенін жасап жүрген біреу екен.
Кешегі Теңіздегі жағдай ол…
Қыздар, шешінгенге еліктемей, етегімізді жабайық. Қанша шешінсеңіз де шетелдік болмайсыз, одан бақытты да болмайсыз. Бізде тектілік бар. Бәрінен биік тұратын арымыз бар. Біз тыныш жүрсек, бізге ешкім тиіспейді.
Біз сияқты балалы-шағалы болған келіншек орамал тағып, етек жауып та қоғам үшін пайдалы іс тындырып, сый құрметке ие болып, ағаларына еркелеп, әдемі жүруге болады.
Мен өз орамалымды айттым, басқамен шатастырмайық.
Орамал туралы өзгеге тиіспей, төменде ой бөлісіңіз, марxаббат..
Арлы адамды, Алла да қолдайды.
Алла қыздарымызға сана берсін🤲🏻
Сіздерді жақсы көремін😘Камшат💐