А. ТАСБОЛТАЕВ, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық эпидемиологиялық департаменттің аса қауіпті жұқпалы аурулар және туберкулезбен күрес бөлімінің бас маманы:
–Жаз маусымы басталғалы тұрғындардан келіп түскен арыздар бойынша, сондай-ақ нитраттан улану қаупінің алдын алу шараларын жүргізу мақсатында зертхана мамандарымен талдап-тексеру сынамалары жүргізілді. Нәтижесінде түрлі көкөністер мен жеміс-жидек сауда орындарынан 2426 сынама алынып, нитрат мөлшерінің қауіптілігі анықталмады. 150 адамның улануына келетін болсақ, емдеу орындарында нитратпен уланғаны жайында нақты мәлімет жоқ. Зертхана мамандары сауда орындарындағы қауын, қарбыздардағы нитрат мөлшерін тексеріп, қауіптілік анықталмаса, сатуға рұқсат құжатын береді. Сауда орындарына, маусымдық жеміс-жидек павильиондарындағы өнімдер рұқсат құжаты болған жағдайда ғана сатылымға жіберіледі. Базарлардағы, сауда нүктелеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатушылардың қолында осы нитрат қалдығына тексерілгені туралы токсикологиялық сертификаты болуы міндетті. Мұны талап етуге әрбір тұтынушы құқылы, әсіресе ерте көктемде және жаз айларының басында ерте пісетін бау-бақша өнімдерін тексеру маңызды.
Осы жаз мезгілінде жеміс-жидек пен көкөністерді фермерлер базарларында және өнімділік бөлімдерінде маусымда болғанда ең үздік дәмдік (және ең үлкен құнды) алу үшін іздеңіз. Арнайы дақылдар мен егін жинау мерзімдері сіздің аймағыңыздың климатына байланысты болады.