Бозарық – Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, ауылдық округ орталығы. Шымкент қаласынан солтүстікке қарай 10 км жерде, Сайрамсу, Қызылсу өзендерінен тартылған Бозарық өзенінің бойында. Тұрғыны 2,6 мың адам (2003). 1929 ж. Сайрам ауылынан қоныс аударған өзбектер арық қазып, жерді игеріп, егіншілікпен айналысып, 1938 ж. «Бозарық» ұжымшарының іргесін қалады.
Тұрғындарының ұлттық құрамы өзбектер – 60% мен әзербайжандар – 40%, 1942 ж. Кавказдан жер аударылғандардың ұрпағы.
Қазіргі таңда Бозарық индустриялық аймағында инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бүгінде бас мердігер мекеме аймақтың ауыз су және кәріз жүйелерін тартуда. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысын қадағалап, жауаптыларға кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында арнайы тапсырмалар жүктеді.
Бүгінде ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар көлемі 85%-дан асса, электр және табиғи газ желілері бойынша орындалған жұмыстар 68% -ды құрады. Жоба бойынша аймаққа 10,9 шақырым табиғи газ желісін тарту көзделген. Қазір ішкі және сыртқы автомобиль жолдарын салу жұмыстарының тең жартысы аяқталған деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалер әзірленуде. Индустриалды аймақты сапалы инфрқұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі