Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін «Шымкент Сити» шағын ауданында болып, құрылысы қарқынды жүріп жатқан саябақ жұмыстарын аралап көрді. Қазір саябақтың құрылыс жұмыстары 20%-ға дейін жүргізілген. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде шағын ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде.

Саябақ құрылысына келсек, нысанда көгалдандыру алаңы 164 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңшасы, 19 спорттық алаң орналасатын болады.

Сондай-ақ, 2,8 шақырымдық веложол, жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті, 7 мыңнан аса гүл, 6 мың бұта егу жоспарланған. Қала келбеті тағы бір саябақпен арта түседі, әрі қаланы жасыл желекке бөлеу арқылы шаһар тынысы ашылады.

«Shymkent city» – Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Орта Азиядағы ең көне қаланың жаңа тарихи бейнесін айшықтайтын шағын аудан десек болады.

Шымкент сити шағын ауданында  көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Шымкентте қаланы көгалдандыру және көгалдандыру басты назарда. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Күн сайын олардың барлығын арнайы қызметкерлер бақылайды. Шымкент қаласы жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы 30 жыл ішінде экология саласында көптеген жұмыстар атқарылғанын, бірақ әлі де көп жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.