2021-2025 жылдарға бектілген бас жоспарға сәйкес, Шымкенттегі ішкі орам көшелерге көңіл аударыла бастады. Шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, жұмыстар жүйелі атқарылуда.
Айта кетейік, 2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталып, қалған 72 нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтау жоспарланған еді. Оның ішінде магистральды 10 көше бар. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанға немесе 308 көшеге жүргізілген болатын.
Қалада қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов мегаполистің ауқымды құрылыс алаңына айналған аумақтағы жұмыстарды тексерді.
Бүгінде мердігерлер мұндағы 49 тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жұмыстарды талаптарға сай орындап, нысандарды мерзімінде қолданысқа беру бойынша тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік,Ақжайық шағын ауданындағы 26 тұрғын үйдің құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін басталатын болады. Жалпы жыл қорытындысымен 3040 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады.
Шымкент қаласы Ақжайық шағын ауданындағы ішкі орам көшелерге асфальт төселген болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі