Жаңа оқу маусымында М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған мектеп гимназиясының қосымша ғимараты пайдалануға беріледі. Қала әкімі Мұрат Әйтенов мұндағы құрылыс басына барып, жұмыс қарқынын бақылады.

Үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия қаламыздағы ең үздік мектептердің бірі. Қала орталығында орналасқан мектептегі оқушы санының көптігінен, әрі үш ауысымды мектеп қатарын болдырмау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жаңа қосымша корпустың құрылысы басталған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың 80% жұмысы аяқталды. 1 100 орынға арналған ғимаратта сынып бөлмелері, 250 орындық акты залы, спортзал, 320–орындық асхана құрылысы жобаланған.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға сапасыздыққа жол бермей, нысандарды өндірістік кестеге сай аяқтап, үш ауысым мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Мектеп құрылысы қыркүйек айына дейін аяқталып, жаңа оқу маусымына тапсырылған жағдайда, Шымкент қаласы еліміздегі үш ауысымды мектеп мәселесі шешілген қалалардың қатарына енетін болады.

Еске сала кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мен өзекті мәселелерді нақты шешуді көздейтін бірлескен құжатқа 2023 жылдың наурызында қол қойған болатын.

Қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 24 200 орынға дейін арттыру, 26 мектепке дейінгі мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың материалдық-техникалық базасын 100% жаңартуды жоспарлаған болатын. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту саласының 7000-нан астам  педагогі біліктілігін арттыру курстарынан, ал 1500-ден астам педагог қайта даярлаудан өтеді деп жоспарланған болатын.

Кейінгі үш жылда 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 38  мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады.  Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі деп хабарлаған болатын

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.