Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 215 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Оған 5245 адам қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.
Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады. Нәтижесінде Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК ) бойынша 12 тұлғаға 144 900 теңгеге айыппұл салынды, ал Полиция департаментінің тарапынан 364-бабы бойынша (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) 12 тұлғаға ескерту берілген, 440-бабымен (қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті ішу) 8 тұлғаға 77 625 теңге айыппұл салынған.
Сонымен қатар, Аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша 13 меморандум жасалып, 1500 нан аса баламен инструкция өткізілді.
Қала аумағында шомылу маусымының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Бұдан өзге, қала аумағындағы суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында шомылуға тыйым салынған белгілер қойылды.
Су – денсаулықты нығайтуға және демалудан барынша рахат алуға көмектесетін адамның одақтастығы, мейірімді досы. Бірақ, сонымен қатар ол алаңғасарлық ойға төзе алмай жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін. Алаңғасарлықтың салдары ең ауыр болады. Оларды болдырмау үшін әр-бір адам судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс.