2023 жылы Тұран ауданы бойынша барлығы 41 көшеге 24,01 шақырымға ирригация салу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр деп хабарлайды Тұран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрылысы қарқынды жүріп жатқан елді мекендердің бірі – Қазғұрт е/м.
Жыл соңына дейін Қазғұрт елді мекеніндегі 16 көшеге жалпы ұзындығы 8,26 шақырым ирригация жүргізілетін болады.
- Оңдасынов көшесі;
- Қызылқұм көшесі;
- Қосмекен көшесі;
- Арыстанбаб – Талдыкөл көшесі аралығы
- Сәулетші көшесі (Отырар – Мақталы к-і аралығы)
- Нұрлы көшесі
- Мұқанов көшесі (Отырар-Карл Маркс ш/а арыққа дейін)
- Баянауыл көшесі (Оңдасынов – Жандарбеков к-і аралығы)
- Отырар көшесі (Оңдасынов-Бөгенбай батыр к-і аралығы)
- Жандарбеков көшесі (Ақжар – А-2 тас жолы аралығы)
- Бөгенбай батыр көшесі (Баянауыл – Жандарбеков к-і аралығы)
- Төлебаев көшесі (Оңдасынов – Жандарбеков к-і аралығы)
- Аты жоқ №1 көшесі (Оңдасынов – Уалиханов к-і аралығы)
- Аты жоқ №2 көше (Оңдасынов – Шымған к-і аралығы)
- Шымған көшесі (Уалиханов – Бұхар к-і аралығы)
- Баянауыл көшесі (Бөгенбай батыр – Талғар к-і аралығы)
Еске сала кетейік, Тұран ауданы Шымкенттің батыс бөлігінде орналасады. Қаланың солтүстік-батыс жағынан Жаңаталап шағынауданынан Үргінбай ата мен Жанкелді батыр көшелерінің қиылысынан басталады. Одан әрі Жанкелді көшесінің бойымен Бадам өзенінің арнасынан оңтүстік-шығыс бағытта Жаңаталап тұрғын алабын, «Игілік» тұрғын алабын, солтүстікке қарай Қорғасын-2 шағынауданын айналып өтіп, Шардара көшесінің қиылысына жетеді.