Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты.
Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін
Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.
Айта кету керек, Қонаев даңғылы жер асты және жер үсті инженерлік коммуникациялармен қаныққан:
- жүріс бөлігі;
- бульвар бөлігі;
- бағдаршам дабылы, сыртқы жарықтандыру, су құбыры және кәріз, нөсерлік кәріз, электрмен жабдықтау және байланыс, газ құбыры;
- сүйеп тұратын қабырғалар;
- жаяу көпір және туннель;
- технологиялық эстакада;
- уақытша айналма жолы бар темір жол өтпесі.
Құрылыс жұмыстарының учаскесі Шымкенттің оңтүстік бөлігінде, Терешкова көшесінен Дамбовая көшесіне дейін орналасқан. Нысанның жалпы ұзындығы 561 метр. Алты жолақты жолдың ені 23 метр магистральдық жалпы қалалық маңызы бар санаты бар.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі