Қаланың жолаушылар көлігін дамытудың кешенді кестесіне сәкес, бүгінде 78 бағытта қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Қала аумағына күнделікті бағытқа 895 автобус шығады.
Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге қоғамдық көлік қызметінде атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді. Қазіргі таңда мегаполисте әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 77 маршрут айкындалған.
Аталған бағыттағы автобус маршруттары қала аумағын, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтарды қоғамдық көлікпен қамтиды. Автобустардағы кондукторсыз жүйе де қызмет сапасын жақсартып, жолаушылар үшін тиімділігін көрсетуде. Сондай-ақ бұл жүйе автобус жүргізушілерінің де жалақысын арттыруға септігін тигізіп отыр.Қалада жалпы резервпен қоса санағанда 1100-ден аса автобус, 10 автопарк бар. Сондай-ақ жолаушылардың қолайлылығы үшін қоғамдық көліктерді заман талабына сай жаңарту да басты назарда. Қалада барлық дерлік автобустар жаңа “Yutong” және “Ankai” маркалы заманауи көліктерге ауыстырылды. Тұрақты маршруттарда 600-ден астам автобус жанар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метанды пайдаланады.
Көліктерді газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станциясының құрылысы қазір қарқынды жүргізілуде. М.Дүйсенбекұлы станцияның құрылыс барысын қадағалады. Жауаптыларға құрылыс ерекшеліктерін назарға алып, жұмыстарды жобаға сәйкес атқаруды тапсырды. Сондай-ақ газ құбырларын тартуда орын алған өзекті мәселелерді шешу бойынша тиісті басқармаға нақты тапсырма берді. Автобустардың тасымалдау сапасын арттырып, қозғалыс жиігілін қадағалау қажеттігін ескертті. Жоспарға сәйкес, аталған станцияның құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 2024 жылдың сәуір айына жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!