Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Айнатас елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, мұндағы жұмыс барысымен танысты.

Жалпы 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген.

Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекемелер құрылысты 70% аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізген. Нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында аяқталатын болады. Нәтижесінде 50 абонент табиғи ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті мекеме басшыларына халықты ауыз сумен қамту жұмыстарын орындау барысында сапалы, әрі кестеге сай жүргізілуін қатаң тапсырды.

Еңбекші ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1932 жылы құрылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін аудан аумағын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету мақсатында қамтылмаған аумақтардың сызбасы мен анықтамалары Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылған болатын, нәтижесінде басқарма тарапынан қамтылмаған абоненттерді қамту мақсатында техникалық шарттар мен сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуде. Сонымен қатар, аудан аумағындағы тұрғын алаптардағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары келісілген болатын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.