Шымкент қаласындағы Абай ауданының аумағы 24 мың гектар, халық саны 257 мыңнан аса адамды құрайды. Аудан аумағында 27 шағын аудан мен елді мекен орналасқан. Оның ішінде 202 көп қабатты тұрғын үй, 1 274 көше, 93 әлеуметтік нысан бар.
Аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26 сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабында 1540 абоненттен тұратын 8 160 халық тұрады. Биыл аталған тұрғын алап толыққанды ауыз сумен қамтылады деп күтілуде. 2022 жылы басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңында аяқталады. Жоба құны 7,1 млрд. теңге.
Электр жарығы бойынша 27 елді мекеннің 25-і сапалы электр жарығымен қамтылған. Жарықпен толық қамтылмаған 2 елді мекен, олар Асар-2 шағын ауданы және Қайнарбұлақ тұрғын алабы.
Асар-2 шағын ауданында 11 060 халықтың (825 абонент) 70%-ы қамтылған, қалған 30 пайызбен қамту мерзімі 2023 жылдың соңы. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы 8160 халықтың (1174 абонент) 24 %-ы қазір қамтылып тұр. Мұнда 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Жоба құны 2,6 млрд. теңге.
Шымкент қаласы Абай ауданы шекарасы, қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік — аумақтық құрылымы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары және Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қалалық мәслихатының 22.10.2004 ж. №11/108-3е және 21.10.2004 ж. №3180 санды шешімдерімен құрылған.
Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан және 49 704 га жерді алып жатыр.
Аудан тұрғындарының жалпы саны – 322 911адам.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі