Арыс қаласының зардап шеккен біраз үйлері қалпына келіп қалды. Күндіз-түні бұл қалада қалпына келтіру құрылысы тоқтаған емес. Арыста 8401 үй тіркелсе, оның 7097-сі зақымдалған болатын. Сонымен бірге, 104 көпқабатты үйлердің 94-іне жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр. Апаттың кесірінен көптеген ескі «шифрлы» үйлердің төбелері, заманауи «черепицаға» ауыстырылып жатыр.
Көптеген арыстықтардың үйлері қалпына келіп жатқан жайы бар. Ескі үйлерді мемелкетіміз жаңадан соғып беріп жатыр. Арыс қаласы бойынша сапалы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу, қалпына келтіру үшін құрылысшылар түнде де жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, кейбір секторларда жер үйлердің шатырын жабу әрекеті түнде де толастаған жоқ. Жалпы Арыстағы құрылысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан келген 5 мыңдай құрылысшы, 180-нен астам мердігер тартылған. Жергілікті тұрғындар да ақылы құрылыс жұмысына қабылданып жатыр.17 секторға облыс, қала әкімдіктерімен бірге аудан әкімдіктері де бекітілген. Олар сол сектор тұрғындарын тіркеу, құжаттарын қабылдау, гуманитарлық көмек көрсету, аумақты қоқыстан тазалау және өзге де жұмыстармен айналысуда. 1-секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы жауапты. Мұнда 482 үй бар. Жетісайлық азаматтар түнде де штаб жұмысын тоқтатпай, тұрғындарға көмек көрсетуде. Барлық секторда елге деген жанашырлық, жұмысты ерте аяқтауға деген құлшыныс бар.Жергілікті тұрғындар осы жұмысты үйлестіре білген облыс басшылығына, өзге өңірлерден көмекке келген азаматтарға ризашылығын білдіруде. 11 шілдедегі мәлімет бойынша Арыста 700-ден астам үй жөнделді.
Көптеген облыстарымыздан құрылыс материалдары жіберліпі жатыр. Жылдамдыққа ұласқан игі жұмыстардың арқасында Арыстық қысқа уақытта қайта қалпына келіп жатқан жайы бар.