Бүгін қала бойынша әрбір аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оның ішінде Әл-Фараби ауданы ерекше белсенділікпен көзге түсті, Атап айтқанда, тазалық жұмыстарына кәсіпкерлер тартылып, тұрғын үй аулалары мен кәсіпкерлік нысандарды айнадай етіп тазартуға қолдау танытты.
Әл-Фараби ауданы (бұрынғы Дзержинский ауданы) — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік-территориялық бөлініс бірлігі, бес ауданның бірі. Жер аумағы — 143,8 км². Халық саны — 201 573 адам (2023)
Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Аудан территориясында 2 мемлекеттік жоғары оқу орындары, қалалық және аудандық әкімдіктер, Шымкент көне қалажұрты, “Ескі қала”, филармония, А.С.Пушкин атындағы кітапхана, “Қиял әлемі” саябағы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Кең баба” этносаябағы, Әл-Фараби және Ордабасы алаңдары, ОӘД, «MEGA Shymkent» ОСО, 5 жұлдызды «Rixos» қонақүйі, Қошқар ата өзені жағалауы орналасқан.
Сондай-ақ, ауданда қаладағы алғыз темір жол вокзалы, 20 ұлттық мәдени орталықтары және 15 діни бірлестіктер, 18 өндіріс ошақтары, 30 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар орналасқан.
Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.
Аудан аумағынан Еңбекші мен Әл-Фараби аудандарының шекарасынан бастау алатын Қошқар ата өзені ағып өтеді.
Сондай-ақ, тазалық шараларынан ірі сауда орталықтары, базар иелері де қалыс қалған жоқ.
Аудан әкімі аппараттының қызметкерлерімен бірге «Әл-Фараби» КММ, «Жасыл ел» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігер мекемелерінің жұмысшылары ,Теріскей шағын ауданы көп қабатты үйлердің тұрғындарымен бірлесе ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында ирригациялык арықтар, аулалалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазарту, сынған бұталарды шығару және қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарына сырлау жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Жалпы қаланың тазалығы, әрбір ауланы мұнтаздай етіп таза ұстау әрбір тұрғынныңы мәдениеті екенін естеріңізге саламыз!
Ең әдемі қала – бұл ең таза қала!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі