Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 213 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595.

Ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді.

Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар биылғы жылы 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.