Шымкент қаласы Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Олар Қазығұрт елдімекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көшелер. 112 орамнан Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері. Наурыз шағын ауданынан Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауданынан Жанқожа батыр көшесі.
Тұран ауданы — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылы 7 шілдеде құрылды. Ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%), халық саны – 220,7 мың адамды құрайды.
Тұран ауданы Шымкенттің батыс бөлігінде орналасады. Қаланың солтүстік-батыс жағынан Жаңаталап шағынауданынан Үргінбай ата мен Жанкелді батыр көшелерінің қиылысынан басталады. Одан әрі Жанкелді көшесінің бойымен Бадам өзенінің арнасынан оңтүстік-шығыс бағытта Жаңаталап тұрғын алабын, «Игілік» тұрғын алабын, солтүстікке қарай Қорғасын-2 шағынауданын айналып өтіп, Шардара көшесінің қиылысына жетеді.Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Сондай-ақ, 8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі