Шымкент қаласы Бозарық елдімекені бүгінде территориялық ауқымына қарай екіге бөлінеді. Яғни Бозарық шағын ауданы және саяжайы. Қаланың жаңа құрылымдық жоспарына сай қазір Бозарық шағын ауданы Абай ауданына қарасты болып белгіленген, ал Бозарық саяжайы Қаратау ауданының аумағында.
Жалпы Бозарық елдімекені қаланың динамикалық даму бағытында орналасқандықтан мұнда маңызды нысандар соңғы жылдары көптеп салынуда.
Біз бүгін қос Бозарықты да өз алдарына бөлек-бөлек қамтып таныстырғалы отырмыз.
Алдымен 7 мыңнан аса халқы бар Абай ауданы Бозарық шағын ауданының жай-күйін айтып өтейік. 1 285 жеке секторлы тұрғын үйі, 1 мектеп және 1 балабақша, 2 спорт алаңшасы бар шағын ауданда электр жүйесі 100 пайыз қамтылған. Дегенмен, ауыз су және табиғи газ мәселесі әлі де шешімін табу кезеңінде. Мәселен, шағын аудан ауыз сумен 52% қамтылған, бұл 670 үй санын білдіреді, ал 48% ескі жүйемен тұтынады. Ескі жүйедегі 615 үйге қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленген. Бірінші кезеңнің жоба құны 1,7 млрд.теңгені құрайды. Жалпы жоба құны 4,5 млрд теңге болғандықтан, қалған 2-інші және 3-інші кезеңі Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайында іске асырылады.
Табиғи газ тұтыну көрсеткішіне келсек, дәл қазір аталған шағын аудан 52% табиғи газбен қамтылған. Жеке меншік жүйедегі 615 үйге ЖСҚ әзірленді. Бірінші кезеңге жоба құны 1,7 млрд.теңге. Жалпы жоба құны 4,5 млрд теңге, сондықтан жоспарда көрсетілгендей 2,3 кезеңі Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайында орындалады.
Сондай-ақ, шағын ауданда 45 көше бар, оның 16-сы асфальтталған, 29-сы тас жол. 2024-2025 жылдары 19 көше асфальтталады деп күтілуде. Ал жарықтандыру бойынша биыл Бөріжар және Бүлдірген көшелеріне жарық қондырылуда. Сонымен қатар 2023 жылдың екінші жарты жылдығында интернетпен қамту мақсатында 2 базалық станция орнатылады.
Айта кетейік, Бозарық шағын ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 54 көп қабатты тұрғын үй бой көтеруде.
Ал Бозарық саяжайы туралы мәліметті келесі постта оқитын боласыздар.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі