Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелер құрайды.

Қаратау ауданы – Қазақстанның Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған.

Қаратау ауданына 28-ден астам елді мекендер мен шағын аудандар енгізілген. Қаратау ауданы «Азат», «Ақжайық», «Асар», «Бозарық», «Достық». «Достық-2». «Қайнар бұлақ». «Қайтпас», «Қызылсай», «Мәртөбе», «Мирас» (жартылай), «Нұрсәт», «Нұртас», «Орманшы», «Өтеміс», «Сайрам», «Тәжірибе бекеті», «Таскен», «Тассай», «Тұран», «Шапырашты» шағын аудандары мен тұрғын алаптарын біріктірді.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі уақытта 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген.

Сонымен қатар биыл 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.

Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау ауданында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады.Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі осы жылы 64,7 пайызға, 2025 жылы 79 пайызға жетеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.