Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қыза түсті.
Оған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, тұрғындарменпікір алмасты. Өңір тауар өндірушілерінің еңбегін жоғары бағалады.
Жәрмеңкеде Түркістан облысындағы 50 шақты тауар өндіруші 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарынабазар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.
200 тоннаға жуық өнім түске дейін толық сатылып, арыстықтар жәрмеңкені ұйымдастырған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.
Бұл жәрмеңкеге Келес ауданының шаруалары да белсенді атсалысып 7,5 тонна өнім ұсынған. Атап айтқанда тұрғындар күнделікті тұрмыста қолданатын қырыққабат, қияр, қызанақ, балғар қалампыры, жуа сынды өнімдерді арыс тұрғындары таласа алып, келестік шаруларға алғысын білдірді. Ауыл шаруашылығы өнімдері Арыс қаласының тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түсті. Арзан бағамен сатылып жатқан өнімдер арыстықтарға елеулі көмек болып тұр.
Келестік шаруалардың сапалы өнімдеріне Арыс қаласының тұрғындарының сұранысы жоғары . Өйткені, сатып алушылардың қарасы көп болып, аз уақыт ішінде өнімдердің басым бөлігі сатылып кетті.