Заманауи үлгіде жабдықталған «ЭКО ФАРМ» ЖШС “Тассай” индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорында медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары – қорғаныш киімдері, обаға қарсы жиынтықтар мен маскалар шығарылады. Жоба құны – 3,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына 17 түрлі 600 мың дана қорғаныс киімі өндіріледі.

Жылына медициналық киім мен іш киімнің – 500 мың данасы, медициналық маскалар мен респираторлардың – 100 млн.данасы, медициналық қорғаныс көзілдірігінің – 1 млн. данасы нарыққа шығарылады. Шымкентте өндірілген тауарларға Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды қалаларынан сұраныс зор. Қазір көрші елдермен де тапсырыс бойынша тиісті келісім шарттар жасалуда. Цехтың жалпы ауданы 1,25 га аумақты алып жатыр. Бүгінде өндіріс орнында 250 ден астам адам жұмыспен қамтылған.

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС – медициналық қорғаныс киімдерін, бір реттік және көп рет қолданылатын медициналық дәке бетпердесін шығарады, деп хабарлайды Shymkentaqparat 2017 жылы өз жұмысын бастаған өндіріс орны былтыр бір рет қолдануға арналған қорғаныс жиынтығы бойынша айына 100 мыңнан астам дайын өнім шығарған. Компанияда 140-тан астам адам жұмыс істейді. Зауыттың 10 қоймасы және Қазақстанның бірнеше қаласында филиалы бар. Зауыт өткен жылы айналым қаражатын толтыру үшін «Даму» Қорынан жеңілдетілген несие алған. «АТФБанк» АҚ жобаны қарастыра отырып, 14,5 %-бен қаржыландырды. Оның 8,5 %-ын «Даму» Қоры субсидиялауда. Қысқа уақыт ішінде медициналық өнімдер оң бағалануда және сұранысқа ие. Зауыт еңбек нарығын төмендететін және аллергия туғызбайтын заманауи, жоғары сапалы медициналық өнімдер шығару желісін кеңейтуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.