Бүгінгі күннен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несие беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Сонымен, кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша қабылданады:

– екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;

– республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;

– жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;

– жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;

– бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;

– мамандандырылған техника.

Микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары мен тәсілдері тапсырма шартында белгіленеді.

Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі.

Сондай-ақ, микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады.

Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпаратпен және жиі қойылатын сұрақтармен https://www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайлары https://www.agrocredit.kz/ru/main/contacts/affiliates сайтында көрсетілген.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.