Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС-нің жұмысы жылына 8110 тонна тірі салмақтағы күркетауық етін өндіріске шығарады. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн.теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңі индустриаландыру картасы аясында 2010 жылы іске қосылып, жылына 4828 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге қол жеткізіп отыр. Және де сол жылы 280 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған екен.
Инвестициялық құны 2 млрд. 330 млн.теңгені құрайтын жобаның екінші кезеңі 2014 жылы жүзеге асқан еді. Мысалы, 140 жұмысшымен толыққан фабика өнімі екі есеге ұлғайған болатын. Ал, былтыр басталған жобаның үшінші кезеңі келер жылы іске қосылды. Егер жоба толық жүзеге асса, мұнда жылына 20000 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге мүмкіндік болады. Қазір мұнда «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жобаның инвестициялық құны 10 млрд. 150 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үндік фабрикасына 53 млн. теңгеге газ құбыры тартылған. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорында бүгінде 415 адам тұрақты жұмыс істейді.
Орадабасы өңіріміздегі экономикалық дамуы жоғары аудандардың біріне жатады. Алдағы жылдары ордабасылықтардың басқа да жақсы жаңалықтары көп болмақ. Жергілікті ірі кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынып, игі істердің басын ашпақ.