Жаңа облыс болып құрылған Түркістанда биыл 3315 жаңа жұмыс орындары ашылғалы тұр — деп, хабарлайды «q-contetn»ақпарат порталы.
Бұл туралы Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай, өткен баспасөз-конференциясында облыс әкімі Өмрізақ Шөкеев айтты.
«Биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 24478 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты»— дейді Өмірзақ Естайұлы.
Алдағы уақытта Түркістан облысында бұдан да көп жұмыс орындары ашылатыны сөзсіз. Арада көп жыл өтпей өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді.
Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданып отыр. Оның ең маңыздысы — «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары».
Мысалы, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40%-ға артып, 2019 жылы 103464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген, оның 65946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыздандыру жоспары орындалмақ.
Қосымша, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылды. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға тапсырылады.
Сондай-ақ, медицина саласында облыстық бюджет есебінен 2018 жылы шалғай елді мекендерге 62 модульдік медициналық пункт сатып алынды, 2019 жылы 19 модульдік медициналық пункт орнату жоспарланды.
Түркістан облысында екі қалалық, төрт аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталдық орталығына жапсарлас 150 төсек-орындық перзентханасы және 900 орындық 1 білім ұясының құрылысы жүріп жатыр.