Шымкентте қиын өмірге тап болған пробация жастарына психологиялық жеке қабылдау өтіп жатыр. Адамдардың қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзетуге бағытталған қызмет түрін биыл 150 азамат алған. Психолог мамандар жеке қабылдауға суицид жасайтындар, пробация тізімінде бар және лудоманияға душар болған жандар жүгінетінін айтты.⠀
⠀
Шымкент қаласы қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болған іс-шараға 14-35 жас аралығындағы жастар қатысуға болады. Биыл 150 жасқа екі ай бойы психологиялық көмек беріледі. Маман әрқайсысына 10 сағатын арнайды. Мұндағы мақсат – пробация есебіндегі жастармен жүйелі жұмыс жүргізіп, психологиялық кеңес беру. Жастарға ой салып, жасаған қылмысын қайталамауға септігін тигізу.⠀
⠀
–«Қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке психологиялық кеңес беру» жобасына «Айкөмек» орталығынан – 8 ана, «Аналар» үйінен – 6 ана, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығынан – 2 жасөспірім, пробация жастары –74, жас және де білім беру мекемелерінен 60 оқушының тізімі анықталып, өтініштер қабылданды. Аталған жоба алтыншы қыркүйекте басталып, екінші қарашаға дейін жалғасады. Тәжірибелі 3 психолог маман азаматтарды үш мекенжайда, яғни Орынбаева №42, Түркістан көшесі 2/5, Север шағынауданында қабылдайды, – деді Шымкент қаласы қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының психологиялық көмек-күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлім басшысы Айгүл Қанатқызы.⠀
⠀
Әл-Фараби ауданы №1 пробация бөлімінде есепте тұрған Нұрсұлтан есімді жігіт психологтың жеке қабылдауына бірінші рет жүгінген. ⠀
–Пробация есебінде тұратын жандарға психологтың көмегі өте қажет. Мемлекет тарапынан психологиялық жағынан көмек беріп жатқанына алғысымды айтамын, – деді ол.⠀⠀
⠀
«Шымкент келбеті»