Жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайтын Қаратау ауданында жалпы ұзындығы 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымын асфальт жол, 233 шақырымын шағал тас төселген жол, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 41 көшеге, яғни 33 шаөырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады.
Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға, ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылса, 2023 жылы 17 орынға ирригациялық арық орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Мердігер мекеме анықталған соң, құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Сонымен қатар, халық қатысатын бюджет шеңбері аясында аудан әкімдері тарапынан аумақты көгалдандыру, тротураларды жайластыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу, аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады.
Бұл ретте Қаратау ауданы аумағында 2021 жылы 2 жоба, 2022 жылы 20 жоба жүзеге асырылса, 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. Қазіргі таңда 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 41 балалар және 12 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүругізілуде.