Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Қаратөбе аумағына қарасты «Базарқақпа» тұрғын алабында қазіргі уақытта асфальттау жұмыстары аяқталу сатысына жақын. Нақтылап айтсақ, бүгін атауы жоқ № 5 көшесіне асфальт бедерінің екінші қабаты төселіп жатыр.
Жалпы, «Базарқақпа» тұрғын алабында 36 көше орналасқан. 2022 жылы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт қабаты төселіп, демеуші есебінен Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ал 2023 жылы ұзындығы 6,6 шақырымды құрайтын Кеңгір, Қараөткел, Балқан, Алай, Қызыл ата, Сазқұндыз, атауы жоқ №№1,2,3,4,5 көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бүгінде тұрғын алап аумағында асфальт жол үлесі 95%-ды құрайды.
Айта кетейік, «Базарқақпа» тұрғын алабын асфальт қабатының үлесін 100 пайызға жеткізу 2024 жылға жоспарланып отыр.
Аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын мердігер мекемелер «Ақсемсер-Строй Сервис», «Арнаулы автокөлік», «Нұр-Сат» ЖШС-лары, «Байтерек-Л.Б.», «Income» ЖШС-лары көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет жүргізді. Аталған мекеме қалалық қоқыс полигонына 6366м3 қоқыс шығарып, 505км ирригациялық жүйелер тазаланды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, негізгі көшелердің бойында орналасқан 51 жеке тұрғын үйлер мен 28 коммерциялық нысандардың қасбеттері, қоршаулары ретке келтіріліп және жол бойындағы тас үйінділерін тегістеу жұмыстары жүргізіліп, орындалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі