Облыс әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлерге арналған «Қамқор» бағдарламасы жергілікті қаржылық ұйымдар арқылы жүзеге асып, іске қосылды. Жалпы, жеңілдетілген несиені 5 миллион теңгеге дейін, 1%- бен кепілсіз 4 жылға дейін алуға болады.
Жеңілдетілген несиені қазіргі таңда Арыстық кәсіпкерлер «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі арқылы құжаттар жинап, әрекеттерін жасауда. Мекемеден Арыс қаласында 25-ке жуық қызметкер келіп, 17 секторға бөлініп қызмет атқаруда. Олар 10 күн бойы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарын бағалап, тиісті сомасын есептеп шығатын болады.
Жалпы, Арыс қаласында 346 кәсіпкерлік нысан тіркелген, соның ішінде жарылыс кезінде 258 нысанға зақым келген. 253 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 нысан толықтай қайта салынатын болады. Оларға тиісті қаражат бөлінуде.
Кездесу барысында өздеріне қажетті кеңес алған 2 кәсіпкерге 10 млн. теңге кредит берілетін болды. Сондай-ақ, кәсібін дөңгелетіп отырғандар 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтан босатылады.
Жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен 200 млн. теңге бөлініп отыр. «Ырыс»МҚҰ» арқылы арыстық кәсіпкерлер 5 млн. теңгеге дейін кепілсіз жеңілдетілген несие алуларына болады.