ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау туралы нақты тапсырма берген болатын.

Мемлекет басшысы «Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. …жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.

«Бозарық» индустриалды аймағын инфрақұрылыммен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Осыған дейін мұнда 14,5 шақырым ауыз су, 6 шақырым газ құбырлары тартылған. Электр қуатымен қамту мақсатында қосалқы станция орнатылып, 8,8 электр желісі жүргізілген.

Мердігерлер автомобиль жолдарының құрылысын да кестеге сай атқаруда. Сондай-ақ қазір кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалар әзірленуде.

Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындарды сапалы инфрақұрылыммен қамтуды тиісті  талаптарға сай орындауды тапсырды. Құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі.

132,9 гектар аймақта жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын тамақ өнеркәсібі бойынша 30 жобаның пулы жасақталған. Жобалар

1000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды. Бүгінде 20,7 млрд теңгені құрайтын 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын қамтитын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорындарды 2025-2026 жылдар аралығында іске қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласының өндірістік қуаты негізінен 5 өнеркәсіптік аймақта шоғырланған. Бұл аймақтарда жалпы 230-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 14 мыңдай тұрақты жұмыс орны құрылған. Қалаға келіп, жаңа кәсіпорындар ашуға ниетті инвесторлардың көп болуына байланысты, жоғарыда айтқанымыздай, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Стандарт» атты жаңа индустриалды аймақтар құру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Одан бөлек, Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығын Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңірінің логистикалық хабына айналдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы, Шымкент қаласының әкімдігі алдағы бесжылдықта қала экономикасына 6 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.