Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінің құрылғанына биыл 40 жыл толды. «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде мерейтойға орай салтанатты жиын өтті.

2023 жылдың 1 қараша күні Шымкент қаласында орналасқан ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 10216 әскери бөлімінің құрылғанына 40 жыл толады. 10216 әскери бөлімінің жеке құрамы күнделікті Оңтүстік өңірінің әуе шекарасын және Шымкент қаласының әкімшілік және әскери нысандарын қорғауда жауынгерлік кезекшілік атқаруда.

Жиында «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы, полковник Серікбай Онбаев көпшілікті мерейтоймен құттықтап, әскери бөлімнің қызметіне табыс тіледі.

–1983 жылы құрылған әскери бөлім өздерінің әскери жауынгерлік дайындығы жоғары екенін оқу-жаттығу жиындарында әрдайым дәлелдеп келеді. Бөлімде небір белсенді, қадірлі азаматтар қызмет етті. Әскери бөлім өзінің даму тарихында талай қиындықтарды өткере келе бүгінде

ҚР Қарулы күштерінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында он қоғамдық бірлестік бір мақсатта жұмыс істеп жатыр. Биыл 6 айда 400 ден астам іс-шара ұйымдастырдық. Өйткені біздің өскелең ұрпақ Отан қорғауға дайын болуы керек, – деді С.Онбаев.

Әскери бөлімнің командирі Орынбасар Жұбанов бірқатар азаматтарға кезекті әскер шенін және  арнайы алғыс хаттарды табыс етті. Бөлімнің жеке құрамы өз қызметінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және әуе шекарасын қорғауға зор үлес қосып келеді.

Жиын соңында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Шымкент келбеті»

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.