Бір жылда (2023 жылғы мамыр 2022 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 2,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы мамырда 26% артты.

Бір жылда (2023 жылғы мамыр 2022 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 2,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы мамырда 26% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығындағы баға жылдық мәнде Павлодар – 19,2%, Семей 17,5%, Ақтау қалаларында 17,4% айтарлықтай қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімі бойынша Семей (29,9%), Қостанай, Қызылорда (әрқайсында 23%-дан), Ақтөбе қалалары (22,4%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Көкшетау (45,5%), Петропавл (41,5%), Алматы, Ақтау қалалары (әрқайсында 41,1%-дан) көш бастап тұр.

Тұрғын үй нарығының барлық сегменті бойынша баға бір айлық мәнде (2023 жылғы мамыр 2023 жылғы сәуірге) алғаш рет өзгеріссіз қалып отыр.

Тұрғын үй нарығында жасалған мәмілелер санына келетін болсақ, 2023 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 25 588 мәміле тіркелген. 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 445) мәміле саны 18,6%-ға азайды.

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 201 отбасыға 1млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты берілді. Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 97 көпбалалы отбасы, 16 толық емес отбасы, 84 ерекше бала асыраушы отбасы, 4 бюджеттік ұйым қызметкері бар.

Тұрғын үй сертификатына өтінімдерді www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдау жалғасуда.

Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алған соң, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.