Үш ауысымдық, апатты мектептердің мәселелерін жүйелі шешу мақсатында мемлекет жаңа мектептерді пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 78,5 мың орындық 77 мектеп ашылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қосымша оқу корпустарының құрылысын аралады бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ең алдымен, Сайрам тұрғын алабындағы № 12 спорт мектебінің қосымша корпусымен танысты. Нысан 2 ауысымда жұмыс істейді. Әр ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады.

Жобаға сәйкес ғимараттың жертөлесінде пауерлифтинг, ауыр атлетика оқу-жаттығу залдары, киім ауыстыру, жуынатын орын, бапкерлер мен төрешілер бөлмелері қарастырылған. Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, киім бөлмесі, 18 орындық асхана, 210 орындық әмбебап спортзал, медпункт болады. Ал екінші қабатында демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасады. Қазіргі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 72% орындалған. Құрылыс келесі жылға өтпелі.

Сондай-ақ қала басшысы аталған тұрғын алаптағы № 10 колледждегі құрылыс жұмысын бақылады. Мұнда 300 орындық оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Корпуста 200 орындық асхана мен АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 95 пайыз орындалған. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі.

Қала әкімі жауаптыларға ғимараттар құрылысын жобаға сай жүргізіп, нысандарды өндірістік кестеге сәйкес қолданысқа беруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.