Бүгін, аудан әкімі Н. Тұрашбеков белгiленген кесте бойынша аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізген болатын. Алдағы уақытта бұл жақсы дәстүр жалғасын таппақ.
Түлкібас ауданының халқының әлеуметтік жағдайлары жақсарып келеді. Күрделі кезеңдер артта қалды. Жеке қабылдауға 13 тұрғын келіп, өтініштері тыңдалды. Қабылдауға келген аудан азаматтары әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жер, су және т.б. мәселелері бойынша өтініштерін білдіріп көмек сұрады. Тиісінше аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, заңдылықтары түсіндірілді және қабылдау барысында аталған мәселелер бойынша өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімінің қабылдауына келген аудан тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Еске сала кетсек, Түлкібас ауданында, Дауан атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында медиация кабинеті ашылмақ. Сондай-ақ жақында ауданда тағы бір нысан, атап айтсақ, Састөбедегі жаңа спорт кешені спорт күні мерекесіне орай пайдалануға берілмек. Спорт кешені 240 адамға есептелген. 454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде соғылған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады.