Дзюдодан Қазақстан чемпионы атанған жерлесіміз Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан ХХХ-шы дүниежүзілік универсиадада абсолюттік салмақ дәрежесінде Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Жеңі құтты болсын қазақ елі!
Алғашқы белдесуде Ғалымжан түркменстандық Ибрагим Союновпен күрессе, екінші айналымда германиялық Бенжамин Боюзгарнмен кездесіп екі айналымда да жеңіске жеткен. Ширек белдесуде өзбекстандық Давлат Бобоновты ұтса, жартылай финалда қырғыз балуаны Ерлан Шеровтан басым түсті. Универсиаданың финалдық белдесуінде Ғалымжан Қырықбай франциялық Хадриен Ливольсиді жеңіп, осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет дзюдо күресінен чемпионы атанды.
Ғалымжан Қырықбай Шаяхметұлы — 1997 жылы 7-ші қарашада қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.
Дзюдо күресімен 14 жасынан бері шұғылданып келеді. Алғашқы бапкері Құрамысұлы Бекежан.
Бүкіл Қазақ еліне қуаныш сыйлап, еліміздің көкбайрағын Италия жерінде желбіреткен Ғалымжан Шаяхметұлына алдағы байрақты бәсекелерде еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!