Шымкент қаласының құтқарушылары жыл басынан бері дабыл бойынша 2 656 оқиға орнына шыққан. Нәтижесінде 290 адамды апаттан құтқарып, 32 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы осылай деді.

Бүгінгі брифинг тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі төңірегінде болды. Спикердің сөзінше, биыл жыл басынан 180 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 14 адам зардап шеккен. Ал, газ құрылғыларын пайдалану талаптарының дұрыс сақталмағанынан 7 улану жағдайы тіркеліп, оқыс оқиға 14 адамның денсаулығына зардабын тигізген.

–Тұрғын үйлерде тіркелген 180 өрттің басым бөлігі электр сымдарының тұйықталуынан орын алса, 34 жағдай отты абайсыз қолданудан және 13 оқиға қасақана өртегеннің салдарынан болуда. Азаматтардың өрт қауіпсіздігін елемеуі, атап айтқанда мас күйінде темекі шегу, балаларды қараусыз қалдыру, жылыту пеші мен газ қондырғысының саңылауынан газ шығуы, мұржаны уақытылы тазаламауы секілді немқұрайлығының салдары қайтыс болу мен ауыр жарақаттың негізгі себебіне айналып отыр, – деді Е.Отарғалымұлы.

Олқыс оқиғаларды болдырмау үшін ТЖ мамандары адам көп шоғырланатын орындарда және жеке сектордағы үйлерді аралап, тұрғындарға газден улану, өрт қауіпсіздігі тақырыбында үгіт-насихат жұмысын жүргізген. Осылайша құтқарушылар 8053 үйдің есігін қағып,  үш мыңға жуық адамды қамтыған 73 жиын ұйымдастырыпты.

–Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сүйеніп, 2005 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының тізімі жасақталды. Төтеннен келген өрт жағдайы мен газден уланудың алдын алу үшін әлеуметтік жағынан осал топтарға да назар аудардық. Оларға да түсіндіру жұмысын жүргізіп, 80 отбасыға газдабылқаққыш құрылғысы тегін орнатылды,  —деді спикер.

«Шымкент келбеті»

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.