Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары қала басшысымен кездесулерде көптен бері жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қызылсай тұрғын алабындағы темір жол асты өткелінің құрылыс қарқынын көріп, атқарылып жатқан жұмыстың жай-күйімен танысты.

Кірме жол құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Жер асты жұмыстары жалғасып, инженерлік желілер қайта орнатылуда.

Мұнда көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 55%-ы орындалды. Жобаға сәйкес нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Қала басшысы бұл нысан тұрғындар үшін маңызға ие екенін айтып, жауаптыларға мердігердің құрылысты сапалы әрі мерзімінен кешікпей аяқтауды тапсырды.

Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң, тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.

Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жер жұмыстары және инженерлік желілерді қайта орнату іске асырылуда.

“Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз мезгілдерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр. Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық,”– дейді тұрғындар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.