Тұран ауданы — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылы 7 шілдеде құрылды. Ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%), халық саны – 220,7 мың адамды құрайды.
Тұран ауданында 20,3 шақырымды құрайтын 33 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталды. Биыл аталған ауданда жалпы ұзындығы 24 шақырымнан тұратын 41 көшеде ирригациялық арықтар салу жоспарланған.
Атап айтқанда:
– Қазығұрт ш/а – 16 көше (толық бітті);
– Ақжар ш/а – 8 көше (7 құрылыс бітті, 1 құрылысы жүруде);
– 112 орам – 6 көше (4 құрылысы бітті, 2 құрылысы жүруде);
– Түркістан ш/а – 4 көше (2 құрылысы бітті, 2 құрылысы жүруде);
– Орталық аумақ – 3 көше (2 құрылысы бітті, 1 құрылысы жүруде);
– Құрсай ш/а – 2 көше (1 құрылысы бітті, 1 құрылысы жүруде);
– № 4 ш/а – 1 көше (құрылысы бітті);
– Спорт ш/а – 1 көше (құрылысы жүруде).
Қазіргі уақытта қалған 8 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін толық аяқталады.
Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. Даңғылдар мен көшелер саны 533 болса, тұрғын үйлер саны 39 883. Ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ болады.
Шымкент қаласындағы бесінші ауданға атау беру туралы қала әкімі аппаратының басшысы Г. Мауленкулов баяндады. Ол қоғамдық тыңдау өткізіліп, жаңа ауданға «Алаш», «Жібек жолы», «Тұран», «Бадам», «Мәртөбе», «Яссы», «Құрлық» атаулары мен Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ж.Тәшенов есімдерін беру бойынша ұсыныс пікірлер түскенін, көпшілік «Тұран» атауын қолдағанын, одан бөлек жергілікті қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары да ескерілгенін атап өтті. Нәтижесінде сессия отырысында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Тұран» атауын беру бойынша ұсынысты халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі