Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2023 жылдың 8 қараша күні сағат 9:00-де басталды.
Қатысушыларға қойылатын басты талаптарды тағы да еске саламыз:
– Жасы 35 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;
– Өтінім берушінің соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі;
– Өтініш берушінің Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тұрақты тіркеуде болуы, сонымен қатар, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің осы елді мекенде тұрақты тіркелуі;
– Өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (138 000 теңге) асуы шарт.
Айта кетейік, бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады. Өтінімдер 10 қараша сағат 19:00-ге дейін қабылданады.
Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер- арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу көзделген болса, 888 пәтермен жұмыс істеп жүрген жастар қамтылатын болады. Бұдан бөлек 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1034 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни «5-20-25»