Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған.
Аудан аумағына 28 елді мекен мен мөлтекаудан енген.
Қаратау ауданындағы халық саны бүгінде 213 мыңнан асады. 18 елдімекенде 494 көпқабатты тұрғын үй, 29 762 жеке секторлы үй, 595 көше бар. Аудан халқы ауызсумен 98 пайызға, электр жарығы 98 пайыз, табиғи газ 96 пайызға қамтылған.
Сайрам елдімекені және Қызылсу тұрғын алабы ауызсуды кестемен тұтынатындықтан, биыл бұл мәселе шешімін табатын болады. Яғни, 2023 жылға аудан халқын ауызсумен 100 пайызға қамту жоспарланған.
Қаратау ауданы өзінің құрамына «Азат», «Ақжайык», «Асар», «Асар-2», «Бозарық», «Достық», «Достық-2», «Қайнар булақ», «Қайтпас», «Қызылсай», «Мартөбе», «Мирас» (бір бөлігі), «Нұрсәт», «Нұртас», «Орманшы», «Өтеміс», «Сайрам», «Тәжірибе бекеті», «Таскен», «Тассай», «Тұран», «Шапырашты» мөлтекаудандары мен тұрғын алаптарын біріктірген.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Нұртас шағын ауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстарын қадағалады деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Құрылысқа 60 адам, 15 арнайы техника жұмылдырылған.
Қала әкімі мердігерге құрылыс нормаларын қатаң сақтау және халық қауіпсіздігі үшін құбырларларды жүргізуде арнайы белгілерді орнатуды ескертті. Сонымен қатар, желілерді орнату аяқталғаннан кейін жолдарды ретке келтіруді тапсырды.
Мердігер мекеме осыған дейін жұмыс көлемінің 67%-ын аяқтаған. Жобаға сәйкес 62,6 шақырым кәріз құбыры жүргізіледі. Нәтижесінде 3 мыңнан астам тұрғын үй орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі