Ташкент–Алматы бағытында Шымкент қаласын айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстары 31 шақырымды құрайтын 8 кезеңнен тұрады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 7-кезеңі жүргізіліп жатқан жол құрылысының жұмыс барысын тексерді. Бұл кезең қала шекарасынан Бәйдібек би даңғылы қиылысына дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы – 7,5 шақырым.
Бүгінде нысанда жер төсемін дайындау және ауыл шаруашылығына арналған арнайы көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған кезеңнің жұмысы 20 пайыз атқарылды.
Жоспарға сәйкес келесі жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, заманауи талаптарға сай көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары болады.
Қала басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасына аса мән беруді тапсырды.
аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату қарастырылған. Қазір сақиналы жолдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 15 шілдеге жоспарлануда.
Сонымен қатар, А-2 айналма жолында Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.
7-ші кезең Бозарық айналма жолынан Самара-Алматы тас жолына дейінгі аралықты қамтиды. Нысанның жалпы ұзындығы — 1,8 шақырым, ені — 40 метр. Нысанда қазір инженерлік желілердің орындары ауыстырылуда.
Нысанның 8-ші кезеңі Бәйдібек би даңғылынан Шымсити шағын ауданына дейінгі аралықты қамтиды. Жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым автомобиль жолының ені 40 метр, 6 жолақты. Құрылыс нысанында бригадалар инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жол негіздерін салу, суағар құбырларын тарту жұмыстарын жүргізуде. Жоспарға сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі